1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күні
Бүгін мектеп медбикесі Ш .Ш. Қозғанбаева 9-11 сынып оқушыларымен "1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күні" тақырыбында әңгімесесті.. Мақсаты: АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-нің алдын алу.
Оқушыларды республика бойынша ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың статистикалық деректерімен таныстырды. Салауатты өмір салтын ұстанатын және олардың мінез-құлқы мен денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын адамдарда ЖИТС-мен ауыру қаупі аз болатындығына баса назар аударылады. Жастар денсаулық пен өмірдің құндылығын түсініп, өзіне және жақындарына қамқорлық жасауы керек.
Әр сынып берілген тақырыпқа суреттер дайындап, оларды құрдастарының алдында таныстырды. Суреттер жасөспірімдердің ЖИТС-не деген көзқарастарын көрсетті. Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.