Наурызға ертеңгілік

Бүгін 15.03.2023 жылы "6 ЖОББМ" КММ жанындағы шағын орталық тәрбиешілері "Армысың әз- Наурыз!" атты ертеңгілік өткізді. Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мұра етіп қалдырған салт -дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру. Ұлдар "Қаражорға", қыздар "Айгөйлек" биін биледі. Мерекелік ертеңгілікке қонаққа Қыдыр ата келді. Балапан тобының бүлдіршіндерін "Наурыз" мейрамымен құттықтап, бата берді. Алдар көсе де келіп, ән айтып, балалармен "Арқан тарту" ойынын ойнады. Гүлмира апамыздың дәмді "Наурыз көженің" дәмін татып, мерекелік ертеңгілікте Гүлмира әжейдің немересінің тұсау кесу рәсімі өткізілді. Содан соң "Қалта" ашып, ертеңгілік әнмен жалғасты.