24.01.2020
2020 ж. 24 қаңтарында тілдер апталығының аясында 4А сыныпта қазақ тілі пәнінен «Қысқы ойын» атты ашық сабақ өтті. Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакина Раушан Толеубаевна. Сабақ басында Раушан Толеубаевна оқушыларға қысқы ойындар туралы шағын бейнежазба көрсетіп сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашты. Білім алушылардың сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздерді меңгертіп қолдануға дағдыландыру мақсатымен ақпараттық құралдар мен көрнекілікті пайдаланып әр түрлі тапсырмалар жасатты («Адасқан сөздер», «Ең жылдам», «Фотоколлаж» және т.б. әдістер).
Сабақ соңында күтілетін нәтижелерге қайта оралып қаншалықты қол жеткізгендіктерін айтып кетті. «Табыс баспалдағы» арқылы рефлексия жасалды. Оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытып өз білімдерін көрсете білді.