15.08.2022
2022 жылғы 15 тамызда «Жаңа оқу жылындағы педаготтердің үздіксіз кәсібилігін арттыру міндеттері» тақырыбында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі A. Аймағамбетовтың қатысуымен Тамыз конференциясының Республикалық секциясы өтті. Секция жұмысына Ақмола облысы тарапынан 10 педагог қатысты, соның ішінде Атбасар аудынының Атбасар қаласындағы № 6 жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі Амирова Жанар Бериковна қатысты. Секция жұмысында педагогтардың біліктілігін арттыру, жас мамандарды қолдау, мектепке дейінгі педагогтардың кәсіби дамуы мәселелері талқыланды.