Текст
4 мамыр күні № 6 ОМ жанындағы "Балапан" шағын орталығында "Отан қорғаушылар күніне" арналған ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік 0 "А" сынып оқушыларымен және шағын орталықтың балаларымен өткізілді. Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктері туралы айтылды. Бұл жарқын мереке жыл сайын өткізіледі. Іс-шараның мақсаты - балаларды отаншылдыққа және сол дәуірдің батырларының ерліктерін есте сақтауға үйрету, олардың өз еліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, Отан қорғаушысы болу.