Текст
Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні информатика апталығы аясында 6 " а "сыныбында "Гиперсілтемелер" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты мектептің информатика мұғалімі Ж. Б. Амирова өткізді және дайындады. Сабақ "Ақыл-ой тек білімде ғана емес, сонымен қатар білімді іске қоса білу" ұранымен өтті. Сабақта оқытудың белсенді әдістері қолданылды. Оқушылар сабақ барысында белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындап, өздерінің алдыңғы білімдерін көрсетіп, жаңаларын меңгере алды.