Текст
14 сәуір күні 4 «А» сыныбында математика пәні бойынша «Закрепление. Свойства действий» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа бақылаушы мұғалімдер Тулеева Д.К. Сүйіндік Г.Б. қатысты. Сабақ оқушылардың оқу сапасын және сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді. Алдын ала А, В, С деңгейлерінде 3 оқушы белгіленді. Сабақ барысында белгіленген үш оқушының әрекеттерін мұғалімдер бақылап отырды. Сабақ аяқталғаннан кейін бақылау қорытындысы шығарылды. А оқушысы өз пікірін жеткізе білді, В топта белсенді жұмыс жасады, С оқушы сабақ рефлексиясында өзін көрсете білді.