Текст
Үшдеңгейлік курсын өткен мұғалімдердің онкүндігіне орай НургульДулатаевна 1 «Ә» сыныптың ата-аналарына «Бағалаудың екі түрі» деген тақырыпқа ата-аналар жиналысын өткізді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау туралы слайдтар арқылы біраз мәлімет берді. Қай бағалаудың түрі қай кезде өткізіледі және оқушылар бағалауды қалай түсінеді және қолданады. Ата-аналар топтық жұмыс кезінде бағалаудың түрлерін қолданды.