22 мамыр күні біздің мектепте «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар» тақырыбында аудандық әдістемелік кеңесі өтті. Әдістемелік кеңестің барысында оқу-тәрбие жұмысында оқу ісінің меңгерушісі - Ашимова Б. Т., бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі - Шахарова Н.Д., ОВВР оқу ісінің меңгерушісі - Нурмагамбетова К. К. «Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын және әдістерін жаңарту - білім сапасын арттыру шарты ретінде» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинар барысында қатысушылар білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша ақпарат алды, оның ішінде мектептің педагог кадрлары туралы, бағалаудың түрлері және оларды сабақ кезінде қолдану жайлы, тәрбие жұмысындағы жаңартулар туралы мағлұматтар берілді.
Сонымен қатар әдістемелік кеңесі барысында деңгейлік курстарын өткен мұғалімдер сабақ үзінділерін көрсетті: «Психологиялық ахуал» - Сатыбаева Р. Т. бастауыш сынып мұғалімі,(1-санат, 3-деңгей); "My school is my home" - Даулеткалиева Б. К. ағылшын тілі мұғалімі (1-ші санат, 3-деңгей); «Критериалды бағалауды құрастыру» - Дүйсембеков К. К. тарих пәнінің мұғалімі (2-санат, 3-деңгей); Блум таксономиясы бойынша жұмыс жасау - Шаншарова А. А. математика пәнінің мұғалімі (1-санат, 2-деңгей); «Рефлексия және кері байланыс» - Макишева М. К. физика және математика пәнінің мұғалімі (1-санат, 3-деңгей). Барлық мектептердің оқу ісінің меңгерушілері түрлі тапсырмалар орындай отырып белсенді қатысты. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Куракбаева Гульжан Амановна ағымдағы мәселелер бойынша мәлімдеді.
Әдістемелік кеңесті қорытындылай келе, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Куракбаева Г.А. және қатысушылары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Қонақжайлылықты және жоғары дәрежедегі ұйымдастрылуын атап, денсаулық және шығармашылық табыстар тіледі!