25 мамыр күні біздің мектепте ҚР өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті. Аталған іс-шараға Атбасар ауданындағы білім бөлімінің әдіскері , құрметті қонағымыз- Козыбакова Асель Мухтаровна қатысты. Бірінші құттықтау сөзі мектеп директоры Жакин Қуандық Құсманұлына берілді. Мектеп директоры ұстаздар, қонақтар, оқушылар және жас түлектерді мерекемен құттықтап,сәттілік тіледі. Алдағы емтихандарды сәтті тапсыруға және жазғы демалысты жақсы өткізуге тілектес болды. Келесі сөз оқу ісінің меңгерушісі Ашимова Бибигүл Төлеубайқызына берілді. Салтанатты шарада Бибигүл Толеубаевна оқу жылының қорытындысына сәйкес жалпы орта білім беру курсы бойынша оқушылардың мемлекеттік қорытынды аттестаттау және оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы бұйрықтарды оқыды.
2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша салтанатты жиында мадақтау қағазы, диплом және алғыс хаттарымен оқу озаттары, ата-аналар, педагогтар және әр түрлі олимпиадалар мен байқауларының жүлдегерлері марапатталды. 11-сынып түлектері, бірінші сынып және 3 "А" сынып оқушылары, 9"Ә" сынып оқушысы - Шокпарбаева Аида өздерінің әндерімен, өлеңдерімен жиналған қауымды қуантты.
Соңғы қоңырау үнін соғу 11 "Ә" сынып оқушысы, жас түлек - Сагатпеков Алмасқа және 1 "А" сынып оқушысы - Нұрғалиева Заринаға берілді.