2017 жылдың 21шілдесінен бастап қазақ тілінен лингвистикалық үйірменің 2 маусымы басталды. Үйірмеге қатысушылар саны – 16. Бұл үйірме барысынды оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін, ата бабаларының асыл мұраларын, әдебиетіміздің ірі тұлғаларын құрметтеуге және өз жерін, сал – дәстүрін сүюге бағытталған этнопедагогикалық тәрбие беру. Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту. Туған жерінің тарихи тұлғаларын, тарихи мәдени ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге үйрету. Сондай – ақ баланы әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру және оқу – танымдық қызметке дайындау. Қазақ тілін үйренуіне балалардың қызығушылығын арттыру, олардың сөздік қорын байыту, дұрыс айту дағдыларын баулу, білімдерін толықтыру. Балалардың қызығушылықтарын есепке ала отырып, танымдық дамуға байланысты әдістемелік және дидактикалық материалдар жасадым. Қазақ тілі үйірмесінде тапсырмалардың әр түрі міндетті түрде өткізіледі: шаттық шеңбері, сергіту сәттері, қозғалмалы ойындар. Жоспар
бойынша әр – түрлі ойын – жаттығулар үйреніп, орындайды. Балалардың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызықты, тартымды өлеңдер, тақпақтар, санамақтар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге баулиды, сөздік қорын кеңейтеді. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары нәтижесінде өз білімін көтеруді ұйымдастыру. Біздің міндетіміз мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету, аясын кеңейтіп, үздіксіз дамытумен қолдану. Мемлекеттік тілді өрге бастыру, тіл дәрежесін көтеру.