2017 жылы қыркүйектің 11 мен 22-сі аралығында «Өрлеу» БАҰО-нда өзін-өзі танудан курс өтті. Осы курсқа бастауыш сынып
мұғалімдері, пән мұғалімдері, педагог-психологтар қатысты. Сонымен қатар, мектеп директоры К.К. Жакин және педагог-психолог А.А. Исасиитова қатысты. Курс тыңдаушыларына толық теориялық материал берілді.
Көкшетау қ. № 13 ОМ-нде өзін-өзі танудан семинар өткізілді. Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтарын өткізді, ал педагог-психологтар қатысушыларға мастер-класс көрсетті. Іс-шара соңында қорытынды жасалды. Тәжірибелік сабақ барысында курс тыңдаушылары өзін-өзі танудан сабақ жоспарын құрастырды. Соңғы сабақта ұстаздар сабақ әзірлемін көрсетіп, компьютерлік тест ретінде сынақ тапсырды. Қорытынды жасаған соң, курс тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылды.