"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.02.2018

«Тіл дарыны-2017»байқауын өткізу туралы есеп

«№ 6  орта мектебі Атбасар қаласы Атбасар ауданының Білім бөлімі» КММ

 

2018 жылдың 1-5 ақпан а йында № 6 орта мектебінде 12 номинация бойынша «Тіл дарыны-2017» байқауы өткізілді.

Ø «Полиглот»

Ø «Мәдениеттану»

Ø «Ұлттаным»

Ø «Эрудит»

Ø «Тең шарттарда диалог»

Ø «Жағымды әңгімелесуші»

Ø «Ең үздік мәнерлеп оқушы»

Ø «Отанымыздың патриоты»

Ø «Экскурсия жетекшісі»

Ø «Жас ақын»

Ø «Үздік каллиграфист»

Ø «Өнертаным»

Бұл байқау «Рухани  жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді. Қойылған маөсаттары мен міндеттері:

-        Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау;

-        Оқушылардың үш тілде оқып – үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру;

-        Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру;

-       Жан – жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, тіл мәдениетін жетілдіру.

Салтанатты ашылуында мектеп директоры Жакин К.К. мен оқу ісінің меңгерушісі Каппасова Р.Н. қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға 8 – 11 сыныптар қатысыты. (Қатысушылар саны 32)

Мектеп ішінде өткізілген байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді

анықтау үшін мектеп мұғалімдерінен тұратын қазылар алқасы құрылды, төрағасы мектеп директоры Жакин К.К. байқаудың қатысушылары таңдалған номинация бойынша өздерінің қабілеттерін көрсетті, сонымен қатар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде білімін көрсетті.

Сонымен «Полиглот» номинациясы бойынша қазылар алқасының пікірі бойынша ең үздік қатысушы Исабаева

А. ( 9 «ә» сынып оқушысы) болды.

«Жағымды әңгімелесуші» номинациясы бойынша ең үздік қатысушы Бурумбаева Д. (8 «Ә» сынып оқушысы) болды.

Абай Құнанбаевтың борыш пен махаббат сезімі туралы өлеңін үш тілде оқыған «Ең үздік мәнерлеп оқушы»  номинациясы бойынша Докумбаева Дильназ (10 «ә» сынып оқушысы) өте сахналық түрде орындады.

«Отанымыздың Патриоты» номинациясында Отанға қатысты сұрақтар бойынша өте жақсы жауап берген  11 «ә» сынып оқушысы Сеитова Айнұр болды.

«Экскурсия жетекшісі» номинациясы бойынша үш тілде өзінің мемлекеті туралы әңгімелеп берген Шахарова А. (10 «ә» сынып оқушысы),

«Үздік каллиграфист» номинациясы бойынша Омашева К. (10 «ә» сынып оқушысы) ең үздік қатысушы болды. 

«Мәдениеттану»  номинациясы бойынша Махамбет Медеу жоғары балл алды.

Байқауға белсенді қатысқан оқушылар грамоталармен мараматталды.

 

Просмотров: 528


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст