Текст
Өзін – өзі тану онкүндігін өткізу аясында № 6 ОМ – нде 2018 жылы ақпанның 9 – нда 7 – 11 сынып оқушыларының қатысуымен пікірталас өткізілді.
Жарыссөз тақырыбы: «Қазақстандық патриотизм – халықтар бірлігінің басты байлығы». Балалар 2 топқа бөлініп, өз командаларына ат қойды.
Осы іс – шара барысында балалар сұрақтарға жауап беріп, халық алдында өнер көрсету, дәлелдер келтіру, өз пікірін қорғау қабілеттерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Пән мұғалімдері жарыссөз барысын сарапшылар ретінде бақылады.