Текст
06.04.2026
06 сәуір күні №6 ЖОББМ-де ағылшын тілі онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында мектеп директорының м.а. Ашимова Бибигуль Толеубаевна құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар мен ұстаздарға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Ашылу аясында түрлі конкурстар мен викториналар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталды. Оқушылар жоғары белсенділік танытып, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын көрсетті. Іс-шара салтанатты әрі әсерлі атмосферада өтіп, онкүндікке ресми түрде бастау берілді.