Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
1 сәуірден бастап барлық мектептерде 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау басталады.
Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Сонымен қатар ата-аналарға құжаттар пакетін алдын ала дайындап, өтініш беруді кешіктірмеуді ұсынамыз.
Өтініш беру «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, яғни egov.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет:
* Ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдің өтініші;
* Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;
* Баланың денсаулық паспорты №052-2/у нысаны бойынша (2025 жылдан бастап бұл нысан eGov жүйесінде электронды форматқа ауыстырылған);
* №065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;
* ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).
1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негіздері:
• сынып-комплектілердің толып кетуі;
• құжаттардағы немесе ондағы мәліметтердің жалған екені анықталған жағдайда.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 5-77-06