06.03.2026
Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында КММ «№6 ЖББМ» 5 «Ә» сыныбында Л.Кэролл Страна чудес тақырыбы бойынша, ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: оқушыларды жазушының шығармашылығымен таныстыру, көркем мәтінді оқу және талдау дағдыларын дамыту, оқылған шығарма туралы өз пікірін білдіре білуге үйрету, сондай-ақ оқушылардың қиялын дамытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.Сабақ барысында оқушылар шығарманың мазмұнымен танысып, мәтінді талдауды, негізгі ойды анықтауды және кейіпкерлерге мінездеме беруді үйренді. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылап, өз қорытындыларын жасады.Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар белсенділік танытып, шығармаға қызығушылық көрсетті және берілген тапсырмаларды сәтті орындады. Сабақ барысында оқушылардың оқу сауаттылығы, ауызша сөйлеу дағдылары және шығармашылық ойлауы дамыды.