16.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының бойынша білім бөлімі
Атбасар қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2025 жылға мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ. Заңды мекенжайы Атбасар қаласы, Мира көшесі 5.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-сі білім беру саласында 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 112 қызмет көрсетті;
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген-0 қызмет;
- электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 44 қызмет;
- қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-50 қызмет.
-электронды түрде Akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы, қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысынсыз (электронды үкімет веб-порталын қоспағанда) және қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы қызмет алушымен тікелей байланыс жасау және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы электронды түрде (электронды үкімет веб-порталы www.egov.kz қоспағанда) - 18 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
• «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау құжаттарды қабылдау»;
• «Құжаттарды қабылдау және жалпы білім беретін мектептерге, лицейлерге және гимназияларға дайындық сыныбына қабылдау»;
• 1-сыныпқа балаларды қабылдау және құжаттарын тапсыру;
• 10-сыныпқа балаларды қабылдау және құжаттарын тапсыру;
• «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;
2. Кызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат ресми интернет ресурста "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ http://sc0006-atbasar.edu.kz/ орналастырылған, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері берілген. Сондай-ақ барлық ведомстволық ұйымдарда ақпараттық тақталарда мемлекеттік қызметтер ережелері орналастырылған.
Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылау ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жүргізіледі. "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мен ведомстволық ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
2) Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізілді (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқа да шаралар).
2025 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мен ведомствалық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 20 мақала жарияланып, 3 тікелей эфир өткізілді. Ай сайын халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмысы БАҚ арқылы, сондай-ақ қызмет көрсетуші интернет-ресурстары арқылы жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Сондай-ақ барлық жалпы білім беретін мектептер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ бағдарламасында жұмыс істейді.Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің барлық білім беру ұйымдарында Мемлекеттік қызметтерді атоматтандыру жүйесі жұмыс істейді, онда шамамен 9 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Білім саласында мемлекеттік қызметтерді 3 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2025 жылы 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 2026 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамаыз ету мәселелері бойынша білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес білім беру ұйымдары мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жарияланым беттерінде орналастырылады.
2026 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің №6 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырылады.