"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7-сыныпта «Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу» тақырыбында ашық физика сабағы өткізілді.

13.02.2026

7-сыныпта «Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу» тақырыбында ашық физика сабағы өткізілді. Сабақ барысында жаңа тақырыпты көрнекі түрде түсіндіру және негізгі ұғымдарды жүйелеу мақсатында презентация қолданылды. Мұғалім түсіндіру, көрсету, топтық жұмыс және практикалық тапсырмалар сияқты әртүрлі оқыту әдістерін пайдаланды.

Сабақта қысымды өлшеуге арналған практикалық жұмыстарға ерекше назар аударылып, оқушылар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Оқушылардың қызығушылығын арттыру және топтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Арқан тарту» топтық ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар Kahoot ойыны арқылы тақырыпты меңгеру деңгейі ойын форматында тексеріліп, барлық оқушылар белсенді қатысты.

Сабақ соңында қорытынды жасалып, рефлексия жүргізілді. Оқушылар өз жұмыстарын бағалап, мұғалім бағаларды оқушылардың өзін-өзі бағалау нәтижелерін ескере отырып қойды. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі нәтижелі өтті.

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст