Текст
13.02.2026
№6 жалпы білім беретін мектепте «Көңілді үзіліс» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – үзіліс кезінде білім алушылардың белсенді демалысын ұйымдастыру және жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Оқушыларға арналған қимылды ойындар мен қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Білім алушылар тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып, белсенділік, ұйымшылдық және көтеріңкі көңіл күй танытты.
«Көңілді үзіліс» шарасы оқушылардың шаршауын басуға, жұмысқа қабілеттілігін арттыруға және мектеп ұжымындағы достық атмосфераны нығайтуға ықпал етті.