10.02.2026
2026 жылғы 10 ақпанда Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (АПҚО) «Әр бала – бірегей: оны қалай ашуға болады?» тақырыбында аудандық сессиясы өтті.
ОШ №6 мектебінен Доненбаева Ақжайнат Аманжоловна қатысты. Іс-шара педагогтерді, ата-аналарды және балаларды әр баланың даралығын тереңірек түсінуге және оның үйлесімді дамуына жағдай жасауға бағытталған ортақ мақсатта біріктірді.
Кездесудің басты мақсаты – ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша қолдау көрсету, баланың бірегейлігінің құндылығын ұғындыру, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Сессияның ашылуы мектеп музейіне экскурсия жасаудан және «Отбасылық пазл» атты тақырыптық көріністен басталды. Пазлдың символдық бейнесі іс-шараның негізгі идеясын айқын көрсетті: әр бала – үлкен біртұтас дүниенің қайталанбас бөлшегі, ал тұлғаның үйлесімді қалыптасуы ең алдымен отбасында жүзеге асады. Қойылым бүкіл кездесуге жылы әрі сенімді атмосфера сыйлады.
Сессия аясында педагог-психолог Радченко А.Б. мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Депершмидт Д.В. «Әр бала – бірегей: оны қалай ашуға болады?» тақырыбында интерактивті тренинг өткізді. Қатысушылар балалардың жеке ерекшеліктерін қабылдаудың маңыздылығын, салыстырудан бас тартудың қажеттілігін және әр баланың күшті жақтарын қолдаудың мәнін талқылады. Ата-аналар практикалық ұсынымдар алып, өз тәжірибелерімен алмасты.
Қонақтардың ерекше қызығушылығын «Біздің қызығушылықтар әлемі» атты таланттар фестивалі тудырды. Ата-аналар балаларымен бірге отбасылық шеберлік сабақтарын ұсынып, ортақ хоббилері туралы әңгімеледі. Рыстаевтар, Сафоновтар және Хижинскийлер отбасылары бірлескен іс-әрекеттің отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді дамытуға ықпал ететінін көрсетті.
Іс-шара «Өз қолыңмен шам жасау: Отбасылық ошақ» атты шығармашылық шеберлік сабағымен қорытындыланды. Бұл отбасы бірлігі мен үй жылуының символына айналды. Қатысушылар «Махаббаттың хош иісімен жылы лебіздер» атты рефлексияға қатысып, шабыт пен шығармашылыққа толы концерттік бағдарламаны тамашалады.Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.