Текст
09.02.2026
Бүгін Атбасар қаласындағы №6 жалпы білім беретін мектебінде математика, физика және информатика пәндері бойынша МИФ онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында оқушылар аталған пәндердің маңызы туралы баяндап, танымдық көріністер, логикалық тапсырмалар мен есептер ұсынды. Шара ұйымдасқан түрде өтіп, оқушылардың дәл ғылымдарға деген қызығушылығын арттырды.