Текст
09.02.2026
Бурумбаева Олеся Николаевна кәсіби байқауда «Үздік тарих пәні мұғалімі» атанып, құрметті І орынға ие болды. Бұл жоғары марапат – оның кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігінің, шығармашылық ізденісінің және мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын дәлелі.
Бурумбаева О.Н. оқушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, тарихи мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеп келеді.
Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт, алғыр да білімді оқушылар және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!