"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде тарих декадасы жалғасуда

14.01.2026

Мектебімізде өтіп жатқан тарих декадасы аясында оқушылардың тарихи білімін кеңейтуге және патриоттық тәрбие беруге бағытталған танымдық-тәрбиелік іс-шаралар жалғасуда.
Осы күндері мектеп оқушылары үшін жазушы, қоғам қайраткері және Кеңес Одағының Батыры Малик Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына арналған бейнепрезентация өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Малик Ғабдуллиннің өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен, қазақ әдебиеті мен қоғамдық өмірдің дамуына қосқан үлесімен, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік жолымен танысты.
Бейнепрезентация Малик Ғабдуллиннің Отан қорғаудағы ерлігі мен батылдығын, дарынды жазушы әрі белсенді қоғам қайраткері ретіндегі бейнесін жан-жақты ашуға мүмкіндік берді. Оқушылар ұсынылған материалды үлкен қызығушылықпен қабылдап, оның өміріндегі маңызды кезеңдер мен тарихи тұлға ретіндегі маңызын талқылады.
Тарих декадасы аясында өткізілген мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың тарихи өткенге, ұлттық батырларға және халқымыздың рухани құндылықтарына деген құрметін арттырады.
Тарих декадасы өз жалғасын табуда, алда оқушыларды тағы да мазмұнды әрі танымдық іс-шаралар күтіп тұр.

Просмотров: 633


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст