"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған сыныптан тыс іс-шара

13.01.2026


13 қаңтар күні № 6 жалпы білім беретін мектепте қазақтың көрнекті ғалымы, этнограф, саяхатшы әрі ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми қызметінің негізгі кезеңдерімен, оның экспедициялары және Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесімен танысты. Бағдарлама аясында танымдық баяндамалар, саяхат бағыттары көрсетілген картамен жұмыс, интерактивті викторина және шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Оқушылар жоғары белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Өткізілген іс-шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға, тарихи өткенге және ұлттық мәдени мұраға құрметпен қарауға ықпал етті.
 

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст