Текст
11.12.2025
Бүгін 11-сынып оқушыларымен Ақмола облысы Полиция департаментімен кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге ҚР ІІМ-не қарасты жоғары оқу орындарына түсу шарттарымен таныстыру.
Шара барысында Атбасар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманғожин Р.Б. және Ақмола облыстық полиция департаментінің кадр аппаратының инспекторы, полиция подполковнигі Сұлтанов Ж.К. сөз сөйледі.