24.11.2025 жылы 7 «А» сыныбында «Спорттық ойын: волейбол» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

24.11.2025

24.11.2025 жылы 7 «А» сыныбында «Спорттық ойын: волейбол» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — оқушылардың жеке денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Сабақ барысында оқушылар:

волейбол ойынының негізгі техника элементтерімен танысты;

допты беру және қабылдау дағдыларын пысықтады;

үйлестіру, ептілік және шыдамдылықты дамытуға бағытталған қимыл-қозғалыс жаттығуларына қатысты;

алған дағдыларын ойын барысында бекітті.

Сабақ белсенді, мазмұнды және позитивті атмосферада өтті. Оқушылар жоғары қызығушылық, тәртіп және ынта танытты.

Просмотров: 213


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу