"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24 қазанда №6 мектептің кітапханасында Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты танымдық іс-шара өтті.

24.10.2025

24 қазанда №6 мектептің кітапханасында Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мерекелік шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Қазақстанның тарихы, Тәуелсіздік жолы мен елдік құндылықтарға арналған әдебиеттер қойылып, оқушылар назарына ұсынылды.
Оқушылар «Балалар көзімен – патриотизм» тақырыбында жүрек жарды өлеңдер оқып, Отан туралы өз ойларын ашық білдірді. Сонымен қатар, өз қолдарымен патриоттық тақырыпта суреттер салып, шағын көрме жасады.
Шара соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Бұл іс-шара балалардың бойында елге, жерге деген құрметті қалыптастырып, ұлтжандылық рухты арттыра түсті.
Мектеп кітапханашысы Токпаева Д.С.

Просмотров: 18


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст