"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде 7Ә сынып оқушыларымен «Төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өрт, жер сілкінісі, су тасқыны сияқты жағдайларда не істеу керектігі туралы маңызды мәліметтермен танысты

06.10.2025

Бүгінгі қоғамда адам өмірі мен қауіпсіздігі – ең басты құндылықтардың бірі. Қазіргі уақытта табиғи және техногендік төтенше жағдайлар жиілеп келеді. Осындай сәттерде әр адамның, әсіресе мектеп жасындағы баланың өз-өзіне көмектесе алуы, дұрыс әрекет етуі өте маңызды. Осыған байланысты мектебімізде 7Ә сынып оқушыларымен «Төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өрт, жер сілкінісі, су тасқыны сияқты жағдайларда не істеу керектігі туралы маңызды мәліметтермен танысты. Мұғалім өмір қауіпсіздігіне байланысты нақты мысалдар келтіріп, оқушыларға интерактивті тапсырмалар арқылы білімдерін бекітті. Сонымен қатар, топтық жұмыс арқылы әр оқушы өз пікірін білдіріп, қандай жағдайда қалай әрекет ететінін ортаға салды. Бұл тәрізді тәрбие сағаттары оқушылардың өмірге деген жауапкершілігін арттырып, олардың тек білімді емес, саналы азамат болып өсуіне ықпал етеді. Қауіп төнген сәтте дұрыс шешім қабылдау – тек жаттығу мен білім арқылы қалыптасатыны сөзсіз.

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст