"Атбасар ауданының білім бөлімі" Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі КММ мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Мира көшесі 5, тел.: 5-77-06 2025 жылғы 11 тамыздан 19 тамызға дейін аптасына 16 және одан да көп сағаттық оқу жүктемесі бар педагогтердің бос лауазымдарына конкурс өткізеді.
11.08.2025
"Атбасар ауданының білім бөлімі" Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі КММ
мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Мира көшесі 5, тел.: 5-77-06
2025 жылғы 11 тамыздан 19 тамызға дейін аптасына 16 және одан да көп сағаттық оқу жүктемесі бар педагогтердің бос лауазымдарына конкурс өткізеді.
Бос лауазымдар:
-
Математика пәнінің мұғалімі
-
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
-
НВТП жетекшісі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 11–19 тамыз.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде тапсырады:
-
Қоса берілетін құжаттардың тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш (осы Ережелердің 10-қосымшасына сәйкес формада);
-
Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
-
Толтырылған кадр есебі бойынша жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
-
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері (педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген);
-
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
-
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген форма бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 21579 мемлекеттік тіркеу нөмірімен тіркелген);
-
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
-
Наркологиялық ұйымнан анықтама;
-
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаты барын растайтын куәлік (бар болған жағдайда);
-
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (осы Ережелердің 11-қосымшасына сәйкес формада).
Осы Ережелердің 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
Конкурс өткізу мерзімі: 2025 жылғы 11–19 тамыз (хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде).
Құжаттарды қарау жөніндегі конкурстық комиссия отырысы 2025 жылғы 20 тамызда өткізіледі.