Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер арасында өткен онкүндік аясында «Не үйрендік?» тақырыбында кіріктірілген ұйымдастыру іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін бекіту. Балалардың танымдық белсенділігін, шығармашылығын және қатарларымен, ересектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту. Балалардың белсенді сөйлеуін дамыту, оларды сөздерді белсенді қолдануға ынталандыру.Ұйымдастырылған іс-әрекетте тәрбиеленушілер қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, өздерін жайлы сезінді. Іс-әрекет барысында жауаптарымен қиындық туындаған кезде бір-біріне көмектесу қабілеттерін көрсетті.
Түрлі іс-әрекет түрлері материалды тез қайталап, бекітуге ықпал етті. Балалар «Білім еліне» саяхат жасады, ол жерде оларды «Білімжан» қарсы алып, білімдерін тексерді. Балалар барлық тапсырмаларды өте жақсы орындап шықты және сабақ соңында «Білімжан» оларға шағын сыйлықтар тарту етті.