26.02.2025ж №6 ЖОББМ-де ағылшын тілі апталығы аясында 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен “Magic English” атты қызықты сыныптан тыс сайыс өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту және тілдік дағдыларын дамыту.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:
✅ “Brainstorm” – қатысушылар жылдам ойлау қабілеттерін тексеріп, сұрақтарға жауап берді.
✅ “Magic Words” – берілген әріптерден ағылшын тіліндегі сөздерді құрап, мағынасын түсіндірді.
✅ “Grammar Challenge” – грамматикалық тапсырмаларды орындап, дұрыс сөйлем құрауға тырысты.
✅ “Speak Up” – оқушылар берілген тақырып бойынша ағылшын тілінде өз ойларын жеткізіп, сөйлеу қабілеттерін көрсетті.
Сайысқа қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Шара өте қызықты әрі пайдалы өтті. Қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамытты. Мұндай сайыстар оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, тілді үйренуге деген ынтасын күшейтеді.
Директордың ОІМ: Б.Ашимова