«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін мемлекеттік қызметтер туралы "2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
«№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, онда қызмет көрсетудің тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылы "№6 жалпы білім беретін мектеп" КММ барлығы 5 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0, электрондық нұсқада - 30, қағаз нұсқада – 3.
2021 жылы барлығы 5 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 3, электрондық нұсқада - 46, қағаз нұсқада – 5.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
* Бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
* Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
* Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.