А.Бектің «Волоколамское тас жолы» кітабы бойынша әдеби бенефис

11 қыркүйекте «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 10 «А» сыныбында А.Бектің «Волоколамское тас жолы» кітабы бойынша әдеби бенефис өткізілді. Кітап Ұлы Отан соғысы жылдарындағы нақты оқиғалар негізінде жазылған. Мақсаты: қазақ жазушысы, Кеңес Одағының майдангер батыры Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығы негізінде кеңес сарбазының төзімділігін , рухани күшін көрсету. Жазушы А.Бектің өмірімен және оның "Волоколамск тас жолы"әңгімесімен қысқаша таныстыру. Олардың ақыл-ой және шығармашылық белсенділігін арттыру. Оқушылардың бойында патриотизм, азаматтығы, Ұлы Отан соғысы туралы шығармаларға деген ызығушылығын ояту.