"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.02.2018

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы болғандықтан осы талап деңгейінде жұмыс атқару әр ұстазға жүктелер үлкен міндет, үлкен сын.

Тәжірибеден  өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның  бірі  коммуникативтік  төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе,  жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің  қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының  6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда  қалған үш дағдының өз нәтижесін

бермейтіндігі айдан анық  жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде оқушылардың тыңдалым әрекетіне дағдылануына баса назар аударып отыру,оқушы бойында тыңдағаны негізінде сөйлесу, пікір білдіру дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жаңа білім беру мазмұнының  жақсы бір қыры күнделікті сабақ басталмас бұрын сабақтың мақсатын таныстыру оқушының өз алдына мақсат қоя білуіне, сабақ соңында бүгінгі мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз іс-әрекетінің нәтижесін саралау мүмкіндігін береді. Барлық пәндерді қамтитын ортақ тақырыптың болуы, сабақтарды кіріктіре өткізуге негізделуі,  оқушының  белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетінше тұжырым жасауына ықпал етеді.

Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында  бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты  айқындалған,  оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлерге негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудыңөзара  байланысына негізделген.Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.

1.    Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады.

2.    Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпалетеді.

3.    Мұғалім үшін қай оқушының білім,  білік, дағдысының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік береді.

4.    Оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады.

5.    Ата-ана өз баласының қай оқу мақсатына қол жеткізу қиын екеніне көз жеткізіп, сол бойынша қолдау көрсетуіне мүмкіндік жасап отыр.

6.    Әр мұғалім қалыптастырушы бағалау арқылы өздерінің кәсіби бағытта дамуына да қол жеткізеді.

Ата-аналар жиналыстарында әр оқушының  қалыптастырушы бағалау нәтижесін таныстырудың өзі ата-анамен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде.Кері байланыс бетшесінде алған

мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.

Бағдарламаның  тек оқушы үшін ғана емес мұғалімнің де кәсіби дамуына үлкен ықпалын тигізетіндігін айта аламын.

Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы мен қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман

талабына сай болып жатқан өзгерістерге күмән келтірмей,мақсатқа сай, нәтиже аламыз деп сенемін.

 

Просмотров: 534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст