05.01.2026
2026 жылдың 5 қаңтарында химия, биология, география және тарих пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Кездесудің басты тақырыбы заманауи білім берудің ең өзекті міндеттерінің бірі — оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болды.
Педагогтар сабақ барысында мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану мәселелерін талқылады, инфографикамен, карталармен және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу бойынша тәжірибе алмасты.Түрлі көзқарастарды талдау, әлемдік оқиғалардың себеп-салдарлық байланысын түсіну және жаһандық қоғамдағы өз рөлін сезіну дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Отырыс қызу пікірталас пен кәсіби ізденіс жағдайында өтіп, мектебіміздегі пәнаралық байланысты дамытудың жаңа бағыттарын айқындап берді.