Текст
2024 жыл - бұл айтулы жыл, өйткені 35 жыл бұрын бала құқықтары туралы Конвенция қабылданған болатын.
Іс – шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 14 қарашада көп балалы аналардың қатысуымен "Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы-бақытты ел" атты іс-шара өтті.
Кездесу жылы лебізге толы, қонақтарға өздерін жан-жақты ашылуға, бақытты отбасының құпияларымен бөлісуге мүмкіндік берді. Аналар ойындарға, жобаларды қорғауға, әндер орындауға қуана қатысты.
Ана болу көп күш-жігер мен адалдықты қажет етеді.
Біздің аналарымызға балаларына қамқоршы, отбасыларына жақсылық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі, нағыз аналық үлгісі болуына тілектеспіз!